386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Трамп әйелдердің сынына ұшырады

  • 168
  • UPD: 15:09, 16.07.2019
Трамп әйелдердің сынына ұшырады

АҚШ-тың төрт бірдей конгресмен әйелі Ақ Үй басшысының иммиграция саласындағы сәтсіз саясатын сынға алып, баспасөз конференциясын өткізді.

Олардың пікірінше, Дональд Трамп өзінің келімсектерге деген көзқарасы арқылы қоғамда іріткі салып отыр. Бұған дейін АҚШ Президенті Рашида Тлейб, Александрия Окасио-Кортес, Аянна Пресли мен Ильхан Омарға қаратып, твиттерде ащы жазба қалдырған. Нақтырақ айтқанда, Трамп әлемдегі ең мықты ұлтты басқаруға кеңес ететіндей олардың құқығы жоқ екенін айтып, келген жеріне қайтуды ұсынды. Айта кетейік, аталған келіншектердің үшеуі АҚШ-та туып өскен, ал төртіншісі әлдеқашан Америка азаматы атанған.

Александрия Окасио-Кортес, АҚШ-тың өкілдер палатасының мүшесі:

- Ол өзінің саясатын қалай ақтап аларын білмей отыр. Жеке басымызға шүйліккені де сондықтан. Бізден өш алғысы келеді.

Хабар 24 телеарнасы