386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


НАСА ұшыратын аппарат Айға телескоп орнатады

  • 185
  • UPD: 15:41, 16.07.2019

Ғарыш кеңістігінің ең алшақ бөлігін айдан бақылайтын телескоптарды құру. Бұл миссияны адам емес, айға ұшатын робот орындайды. 

Жобаны іске асыру үшін НАСА Колорадо университетіне қарасты ғылыми зертхананың қызметіне жүгінген. Осылайша АҚШ-тың ғарыш агенттігі жер серігіне жасанды интеллект жүйесін орнатуды көздеп отыр. Сондықтан, университеттің Боулдердегі кампусында Армстронг атты құлтемір құрастырылуда. Арнайы компьютер бағдарламасымен басқарылатын құлтемір екі портативті телефон қуаттағышынан энергия алады. 

Джек Бёрнс, ғарышты зерттеу және  барлау қызметінің директоры:

- Енді айға жасалатын сапар бұрынғы Аполо бағдарламасынан асып түспек. Жер серігіне экспедициялар халықаралық деңгейде коммерциялық серіктестерді тартады. Әрі жаңа ғылыми зерттеулерге жол ашады. Оған қоса ғарышкерлер мен құлтемірлердің бірлескен жұмысы нәтижелі болады деп сенемін. Бұл бұрын-соңды болмаған оқиға.

Хабар 24 телеарнасы