429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Брюссельде Иран төңірегіндегі ахуал талқыға түсті

  • 653
  • UPD: 15:20, 16.07.2019
Брюссельде Иран төңірегіндегі ахуал талқыға түсті

Брюссельде Еуроодаққа мүше 28 мемлекеттің сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтті.

Осы басқосуда бірлестік Иран төңірегіндегі ахуалды талқыға салды. Еуроодақ Тегеранды ядролық келісім бойынша өзіне алған міндеттемелерін орындауға шақырып отыр. Осы Келісімге қатыстатын тараптардың ешқайсысы Тегеран өзіне алған міндеттемелерін өрескел бұзды деп санап отырған жоқ. Бұл туралы Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы комиссары Федерика Могерини мәлімдеді. Оның айтуынша, Иранмен есеп айырысу үшін құрылған INS-TEX банкаралық жүйесі Одаққа мүше бүкіл елдер және оған кірмейтін мемлекеттер үшін де ашық. Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы Иран мен алты мемлекет, атап айтқанда, АҚШ, Германия, Қытай, Ұлыбритания, Ресей және Франция арасында келісімге қол қойылған еді. Оған сәйкес, Тегеран ядролық бағдарламасын шектейтін болса, Иранға салынған санкциялар алынып тасталуы қажет болатын. Алайда былтыр Вашингтон бұл келісімнен шыққан еді. Биыл 8 шілдеде Тегеран өкілдері  келісімде белгіленген деңгейден асырып, уранды байыта бастағанын жариялаған.

Федерика Могерини, ЕО Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы комиссары:

- Әзірше ешбір тарап Келісімнің күшін жоятын бапты қолдануға ниет білдірген жоқ. Бұл ешкім Иран өзіне алған міндеттемелерін өрескел бұзды деп қарастырмайтынын білдіреді. 2015-жылғы Келісім өз күшін сақтап қалады деген үміттемін.

Хабар 24 телеарнасы