386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Калифорния штатындағы тұрғын үйде газ құбыры жарылды

  • 121
  • UPD: 07:55, 17.07.2019
Калифорния штатындағы тұрғын үйде газ құбыры жарылды

Калифорнияның оңтүстігіндегі тұрғын үйлердің бірінде газ құбыры жарылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан 1 адам қаза тапты. Тағы 15 азамат жарақат алды. Олардың ішінде 3 өрт сөндіруші бар. Бәріне дер кезінде медициналық көмек көрсетілген. Жарылысқа оқиға орнында газ тасымалдаушы компаниямен келісілмеген жұмыстардың жүргізілуі себеп болған. Жарылыстың қуатты болғаны соншалық, оны тұрғындар жер сілкінісі деп ойлаған. Айтуларынша, одан төңіректегі үйлердің терезелері түгелдей сынған.

Хабар 24 телеарнасы