386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда көп қабатты үй құлап, 4 адам көз жұмды

  • 158
  • UPD: 08:45, 17.07.2019
Үндістанда көп қабатты үй құлап, 4 адам көз жұмды DW

Үндістанда көп қабатты үй құлады. Қазір оқыс оқиғадан 4 адамның көз жұмғаны белгілі болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы ондаған азамат үйінді астында қалуы мүмкін. Осыған байланысты апат орнында құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар сақтық шаралары қолға алынып, көрші үйлердің тұрғындары уақытша баспанаға көшірілді.

Айта кетсек, 4 қабатты тұрғын үй адам қарасы көп шоғырланатын Донгри ауданында орналасқан. Ол екпінді жел соғып, жаңбыр жауып тұрған кезде құлапты.

Хабар 24 телеарнасы