384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Демократтар Дональд Трамптың импичментін талап етеді

  • 269
  • UPD: 10:49, 17.07.2019
Демократтар Дональд Трамптың импичментін талап етеді

Техас штатынан шыққан демкорат Эл Грин АҚШ президентінің импичменті жайлы бастама көтерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол Дональд Трампты Ақ үйден кетіру не қалдыру мәселесін дауысқа салудың тәртібін белгілейтін құжатты таныстырды. Бұған Ақ үй басшысының демократиялық партиясына мүше төрт әйелге тіл тигізгені себеп болған.

Атап айтқанда, Миннесота штатынан шыққан демократ Ильхам Омар Трампқа «адам құқығын жерге таптады» деген айып тақты. Сондықтан оны дереу президенттіктен кетіруді талап етті. Өкілдер палатасының демократтары әзірге импичментке қарсы. Ал палата спикері Нэнси Пэлоси қос партияның толық қолдауына ие болмайынша импичмент мәселесін көтеру ерте деген пікірде.

Хабар 24 телеарнасы