386,20 429,31 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та Перудің экс-президенті тұтқындалды

  • 336
  • UPD: 11:29, 17.07.2019
АҚШ-та Перудің экс-президенті тұтқындалды

Перудің бұрынғы президенті Алехандро Толедо АҚШ-та тұтқынға алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Перу прокуратурасының мәліметі бойынша Толедоны елге экстрадициялауға қатысты АҚШ соты алдымен тиісті үкім шығаруы қажет.

Естеріңізге сала кетсек, Алехандро Толедо елді 2001-2006 жылдар аралығында басқарып келген. Қазір оған 20 миллион доллар көлемінде пара алды деген айып тағылып отыр. Мәлім болғандай, Толедо билік басында отырғанда тендер ережесіне өзгертулер енгізген. Бұл өз кезегінде Бразилияның «Одербрехт» құрылыс компаниясымен жарты миллиард долларға бірнеше келісімшарт жасауға жол ашты.

Хабар 24 телеарнасы