385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тұңғыш рет Еурокомиссияның президенті қызметіне әйел адам тағайындалды

  • 238
  • UPD: 12:31, 17.07.2019
Тұңғыш рет Еурокомиссияның президенті қызметіне әйел адам тағайындалды

Тұңғыш рет Еурокомиссияның президенті қызметіне әйел тағайындалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Страсбургте өткен Еуропарламенттің пленарлық сессиясында Урсула фон дер Ляйен қажет дауыс жинай алды. Осылайша, ол алдағы бес жылда Еурокомиссияны басқаратын болады. Урсула фон дер Ляйен жаңа қызметіне 1 қарашада кіріседі. Оның кандидатурасы 2 шілде күні Еуропалық одақ саммиті кезінде ұсынылған еді. Германияның бұрынғы қорғаныс министрі бірден үш негізгі фракцияның қолдауына ие болды. Олардың қатарында христиан демократтар, социалистер мен либералдар бар. Дауыс беру басталмай тұрып фон дер Ляйен 2030 жылға дейін Еуроодақ аумағындағы көмірқышқыл газының ауаға таралуын екі есеге қысқартуға және жұмыссыздықпен күрес бағдарламасын жалғастыруға уәде берді. Сондай-ақ мигранттар мәселесі, гендерлік теңдік пен Брексит мерзімін ұзартуға күш салатынын айтты.

Давид Сассоли, Еуропарламент президенті:

Жалпы дауыс бергендер саны 733. Еуропарламентте 374 дауыс жиналса жеткілікті. Ал оны 383 депутат қолдады.

Урсула фон дер Ляйен, Еурокомиссияның президенті:

Мен үшін бұл жоғары мәртебе. Маған сенім артқандарыңыз үшін алғысым шексіз. Бұл бірлігі берік, әрі мықты Еуропаға деген сенім. Бұл - болашақ үшін күресуге дайын Еуропаға деген сенім. Әрине, мен үшін бұл үлкен жауапкершілік. Қызметіме қазіргі сәттен бастап кірістім деп есептеуге болады.

Хабар 24 телеарнасы