386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нил Армстронг скафандры музейге қойылды

  • 189
  • UPD: 14:08, 17.07.2019
Нил Армстронг скафандры музейге қойылды

Айға табан тіреген тұңғыш ғарышкер Нил Армстронгтың скафандры көпшіліктің назарына ұсынылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

13 жылға созылған күрделі жөндеу жұмысынан кейін құнды жәдігер Вашингтондағы ұлттық астронавтика музейіне қойылды. Салтанатты шараға Нилдің ұлы Рик Армстронг пен АҚШ-тың вице-президенті Майк Пенс қатысты. Пенс Армстронгтың Айға ұшуын 1960 жылдары дүрдараздық жайлаған Америка қоғамын бір арнаға тоғыстырған тарихтағы ұлы оқиғаға балады.

Айта кетерлігі, мамандар скафандардың айда болғанын айғақтайтын дәлелді сақтап қалу үшін ғалымдармен ұзақ кеңесіп, тиісті талдау жүргізген.

Хабар 24 телеарнасы