386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иракта лаңкестер 3 түркиялық дипломатты атып өлтірді

  • 124
  • UPD: 09:36, 18.07.2019
Иракта лаңкестер 3 түркиялық дипломатты атып өлтірді Tengrinews

Ирактың Эрбиль қаласында қарулы шабуыл салдарынан түркиялық 3 дипломат қаза тапты.

Олардың ішінде Түркияның Ирактағы бас консулының орынбасары бар. Оқиға мейрамханада болған. Қарулы лаңкестер тамақтануға келген дипломаттарға оқ жаудырған. Сөйтіп оқиға орнынан іздерін суытқан. Қазір аталған іс бойынша тергеу жұмыстары басталды. Полиция оқиға орнын қоршауға алып, қаладан шығатын жолдардың барлығын жапты. Шабуыл жасағандар іздестірілуде.

Хабар 24 телеарнасы