386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирияда әуе соққысынан 12 адам мерт болды

  • 164
Сирияда әуе соққысынан 12 адам мерт болды RT

Сирияда жасалған әуе соққыларынан 12 адам мерт болды.

Тағы ондаған азамат жарақат алған. Белгілі болғандай, соққы оппозиция бақылауындағы Идлиб провинциясына берілген. Оны Сирияның әскери әуе күштері жасапты. Куәгерлердің айтуынша, бомбалар Маар Шорин елді мекеніне құлаған. Желіге жүктелген видеолардан құтқарушылардың үйінді астынан адамдарды іздестіріп жатқанын көруге болады. Жалпы соңғы айларда оппозиция бақылауындағы аймақтарға жасалған шабуылдардан жүздеген бейбіт тұрғын көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы