386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда ғимараттың құлауынан қаза тапқандардың саны артты

  • 169
Үндістанда ғимараттың құлауынан қаза тапқандардың саны артты

Мумбайда 4 қабатты ғимараттың құлауынан қаза тапқандар саны 14-ке жетті.

Бұған дейін апаттан 10 адамның опат болғаны айтылған еді. Ал жарақат алғандар саны 20-дан асты. Құтқару-іздестіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Алайда қатты жауын техникалардың үй маңына жетуіне қиындық тудыруда. Айта кетсек, оқиға сәйсенбі күні Донгри ауданында болған еді. Алдын ала болжам бойынша оған маусымдық жаңбыр себеп болған. Ал куәгерлердің айтуынша, құлаған үйдің тұрғызылғанына 100 жылдай уақыт болыпты. Сондықтан ғимараттың әбден тозығы жеткен болуы керек.

Хабар 24 телеарнасы