386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мумбайда террорлық шабуыл ұйымдастырған күдікті тұтқындалды

  • 149
Мумбайда террорлық шабуыл ұйымдастырған күдікті тұтқындалды dispatchnewsdesk.com

Пәкістан билігі 2008 жылы Мумбай қаласында төрт күндік террорлық шабуыл ұйымдастырған Саид Хафизді тұтқындады.

Ол Пәкістанның терроризммен күрес бөлімінің қызметкерлері жүргізген арнайы операция барысында ұсталған. Қазір оған террорлық әрекетті қаржыландырды деген айып тағылып отыр. Айта кетсек, Саид Хафиз бірнеше елде лаңкестік ұйым деп танылған «Лашкаре-Тайба» тобын құрған. Естеріңізге сала кетейік, 2008 жылы қарашада Мумбайға террорлық шабуыл жасалған еді. Карачиден келген 10 террорист өзара топқа бөлініп, көшедегі бейбіт тұрғындарға оқ жаудырған болатын. Салдарынан 160-тан астам адам қаза тапқан еді.

Хабар 24 телеарнасы