386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арменияда енді заңсыз мүлік пен банктегі есеп-шоттар мемлекет пайдасына тәркіленеді

  • 183
Арменияда енді заңсыз мүлік пен банктегі есеп-шоттар мемлекет пайдасына тәркіленеді

Заңсыз табысқа сатып алынған дүние мүлік пен банктегі есеп-шоттар мемлекет пайдасына тәркіленеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арменияда тиісті заң жобасы әзірленді. Әділет министрлігі мен Орталық банк дайындаған бұл құжат жақын арада парламентте талқыланады. Билік басындағы «Менің қадамым» партиясына мүше депутат Николай Багдасарянның айтуынша, аталмыш заң көптеген жабық мәселенің бетін ашпық. Сонымен қатар заңсыз мүлікті тәркілеу арқылы мемлекеттік бюджет толығады. Заң жобасы халықаралық мамандардың сараптамасына жіберілген. Олар бұл құжатқа қатысты өз ескертулері мен ұсыныстарын жасауы тиіс.

Николай Багдасарян, Армения ұлттық жиналысының депутаты:

– Осы заңды қолданудың бірнеше мысалын келтіруге болады. Мәселен адам тергеуден жасырынып жүрсе немесе ауыр сырқатының салдарынан сотты аяқтауға мүмкіндік болмаса, осындай жағдайларда біз азаматтық сотқа мүлкін тәркілеу жөнінде шағым түсіре аламыз. Екіншіден, бұл мүлік өзге елдегі заңсыз табысқа сатып алынса, осы заңның негізінде бұл елдің өтініші бойынша қылмыстық істі жүргізбей, бірден сотқа жүгініп, осы мүлікті тәркілей аламыз.

Хабар 24 телеарнасы