386,01 428,94 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияда қасақана қойылған өрттен 12 адам қаза тапты

  • 189
Жапонияда қасақана қойылған өрттен 12 адам қаза тапты

Жапониядағы Киото анимациялық студиосына қасақана от қойылды.

Киодо агенттігінің хабарлауынша, өртте 12 адам қаза тапты. Тағы ондаған адамды күйік шалып, жарақат алған. Үш қабатты ғимарат шамамен сағат 10:30-да лаулап жана бастады. Студионы өртеген күдікті бірден қолға түскен. Жарақат алған ер азамат әзірге ауруханаға жеткізілді. Мәлім болғандай, ол жанғыш майды әдейі төгіп, артынша от қойған. Оның мұндай қадамға баруына не түрткі болғаны белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы