386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркия Пентагонның F-35 әскери-жойғыш ұшағын жасақтау бағдарламасына қатыспайды

  • 160
Түркия Пентагонның F-35 әскери-жойғыш ұшағын жасақтау бағдарламасына қатыспайды

Түркия Пентагонның F-35 әскери-жойғыш ұшағын жасақтау бағдарламасына қатыса алмайды.

Өйткені ол Ресейдің С-400 зымырандарын сатып алған. Бұл өз кезегінде АҚШ-тың қауіпсіздікке қатысты ұстанымына қайшы келеді. Айта кетерлігі, осыған дейін жойғыш ұшағының бесінші буынын шығару бағдарламасына қатысу жөнінде ресми Анкарамен арада келісім жасалған еді. Алайда оның Ресейден әскери зымыран сатып алу жоспарын естіген соң, Вашингтон Түркияны бұл райынан қайтаруға тырысқан. Тіпті оның орнына америкалық «Патриот» зымыранын сатып алуға ұсыныс жасаған. Дегенмен Пентагон Түркиямен әскери байланысын үзбек емес. Десе де, өзара ықпалдастық аясы тарылуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы