386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Конгода эбола дерті соңғы бір жылда 1 мың 673 адамның өмірін қиған

  • 180
Конгода эбола дерті соңғы бір жылда 1 мың 673 адамның өмірін қиған eadaily.com

Конгода жанданған эбола вирусы – халықаралық деңгейдегі төтенше жағдай.

Бұл туралы дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус хабарлады. Мұндай болжам ұйымның арнайы комитеті жасаған сараптамаға негізделген. Себебі шілде айында ғана Конгомен шекарада індетті жұқтырудың екі дерегі тірекелді. Атап айтқанда, апта басында Руанда елімен шектесетін Гома қаласында ер азамат эболадан көз жұмған еді. Өткен аптада Угандамен шекарада бір әйел ауырып қайтыс болды. Қауіпті вирус Конгоның өзінде соңғы бір жылда 1 мың 673 адамның өмірін қиған.  

Хабар 24 телеарнасы