386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Актер Кевин Спейсиге қатысты іс тоқтатылды

  • 146
Актер Кевин Спейсиге қатысты іс тоқтатылды Комсомольская правда

Танымал америкалық актер Кевин Спейсиге қатысты іс тоқтатылды.

Десе де бұл іс актердің мансабына кері әсерін тигізбей қоймағаны анық. Естеріңізде болса, 2016 жылы белгілі актердің басына қара бұрт үйірілген еді. Ол Нантакет аралындағы мейрамханалардың бірінде тележүргізуші Хезер Анрудің 18 жастағы ұлына алымсақтық жасады деген күдікке ілінген еді. Бірақ актер өзіне таққан айыпты мойындамаған болатын. Жалпы, бұл – Спейсидің ерсі қылыққа баруына қатысты сотқа жеткен алғашқы іс. Алайда іс сот қарауына жетісімен-ақ құлдырай бастады. Біріншіден, сотта бұлтартпас айғақ ретінде жасөспірімнің телефонындағы деректер қарастырылған. Бірақ көп ұзамай хат алмасудың бір бөлігі өшірілгені анықталыпты.

Айта кетсек, бұның өзі қылмыстық іс болып саналады. Кейін аталған құрылғы мүлдем ғайып болған. Екіншіден, тележүргізушінің ұлы сотқа келіп, түсінік беруден бас тартқан. Соған қарамастан қазірдің өзінде Кевин Спейсидің қатысы болуы мүмкін тағы бірнеше іс тергеу сатысында көрінеді. Оның екеуі АҚШ-та болса, тағы алтауы Ұлыбритания елінде екен.

Хабар 24 телеарнасы