386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапониядағы студияда өрттен қаза тапқандар саны артты

  • 123
  • UPD: 08:38, 19.07.2019
Жапониядағы студияда өрттен қаза тапқандар саны артты

Жапониядағы анимациялық студияда өрттен қаза тапқандар саны 23-ке жетті.

Бұған дейін 12 адамның мерт болғаны хабарланған еді. Тағы ондаған адамды күйік шалған. Полицияның мәліметіне сай, ғимараттың жоғарғы қабаттарында зардап шеккендер болуы мүмкін. Осыған байланысты құтқару іздестіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Айта кетсек, Киото қаласында үшқабатты ғимарат өртке оранған еді. Оны 41 жастағы ер азамат қасақана өртеп жіберген. Белгілі болғандай, ол студияға жанғыш май шашып, артынша от қойған. Күдікті қамауға алынды. Әзірге оның мұндай қадамға неліктен барғаны белгісіз.

Хабар 24 телеарнасы