386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияда өрттен қаза тапқандар саны 33 адамға жетті

  • 153
  • UPD: 10:30, 19.07.2019

Жапонияның Киото қаласындағы анимациялық студияның өртенуінен қаза тапқандардың саны артып, 33-ке жетті.

Тағы 36 тұрғын жарақат алды. Олардың 10-ы ауыр халде жатыр. Еске сала кетейік, Киото шаһарындағы үш қабатты ғимарат кеше өртенген болатын. Оны 41 жастағы бір ер азамат қасақана өртеген. Қылмыскер алдымен студияға жанармай төгіп, содан кейін оған от қойған. Оқиға кезінде ғимаратта 70-ке жуық адам болған. Күдіктінің өзі де жарақат алып, қолға түсті. Әзірге оның мұндай әрекетке неліктен барғаны белгісіз. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы