386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Боливияда қалың қар жауды

  • 158
  • UPD: 10:45, 19.07.2019

Боливияда жапалақтап қалың қар жауды. Жергілікті билік қардың екі күн қатарынан жауатынын айтып, тұрғындарды абай болуға шақырады.

Табиғаттың тосын сыйы Эль Альто халықаралық әуежайының жұмысын тоқтатып, жол-көлік қозғалысына қиындық туғызды. Атап айтқанда, Эль Альто мен Ла Паз магистралінде бірнеше жол апаты болған. Көлік қатынасы мүмкін болмағандықтан Чакалтая өңірінде кей жолдар мүлде жабылған. Синоптиктердің болжамы көңіл көншітпей тұр. Өйткені, қардың соңы жаңбырға ұласуы мүмкін деген қауіп бар.

Хабар 24 телеарнасы