386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иран Сирияны қалпына келтіруге көмек береді

  • 147
  • UPD: 11:38, 19.07.2019

Қазір қос тарап Тегеран жәрдем беретін нақты бағыттарды қарастырып отыр. Әсіресе қираған қалалардың инфрақұрылымын қалпына келтіру, гуманитарлық көмек жеткізу және Сирия тұрғындарының бейбіт тіршілікке орлауына жағдай жасау болып тұр.

Сондай-ақ білім беру орындарының жұмысын қайта жандандырып, тұрғындарды жұмыспен қамту да аса маңызды. 

Иран қазірдің өзінде Сирияға жәрдемдесіп келеді. Жақында Тегеранның ресми өкілдері азамат соғысында қираған Дамаскте тұрғын үйлер салатынын жариялаған. Сондай-ақ жергілікті тұрғындарды түрлі мамандықтарға үйрететін оқу орындарын ашу көзделіп отыр. Осы мақсатта Ираннан ұстаздар жіберіледі. Жалпы Сириядағы жағдай өте ауыр. Көптеген қалаларда тұрғын үйлермен қатар ірі кәсіпорындар да қираған. Осының салдарынан жұмыс орындары аз. Біраз адам екі қолға бір күрек іздеп, өзге елдерге босуға мәжбүр. Ал отанында қалғандары кезедейсоқ табыстар мен шетелден келетін гуманитарлық көмек арқасында күнін көріп жүр.

Саид Шахверди, саясаттанушы:

- Сириялықтар бейбітшілік орнауын асыға күткенмен, содан кейін болашағы не болатынына уайымдап отыр. Өкімет елдің солтүстік-шығысындағы Идлиб аймағында лаңкестік топтарды жақын арада толық талқандайтынын жариялады. Осыдан кейін бәрін қалпына келтіру қажет. Иран қалаларды қалпына келтіруге көмек беретінін мәлімдеген болатын. Алайда қалалар салынып жатқан кезде, жұрт қайда жұмыс істейді? Осы тұрғыда Иран ақылды шешім ұсынып отыр, жұмыспен қамтымаса да, жаңа мамандықтарға үйретеді. 

Иран жергілікті мамандарды дайындау міндетін де өзіне алып отыр. Алғашқы кезеңде Дамаск пен елдің өзге ірі қалаларында оқу орталықтары ашылып, онда Иран ұстаздары жергілікті халықты түрлі мамандықтарға үйретеді. Онда медицина және банк саласының қызметкерлері, бастауыш мектеп мұғалімдері, инженерелер мен құрылысшыларды дайындайды. Елдегі төтенше жағдайға байланысты оқу жеделтілген бағдарламамен өтеді. 

Мэхди Аслани, саясаттанушы:

- Ғалымдармен қатар, Дамаск қаласына көптеген мамандық иелері аттанады. Мәселен арасында ағаш ұсталары мен шаштараз шеберлері бар. Әрине дәрігерлер, мұғалімдер мен құрылысшыларды өз жұмыстарына қайтару керек. Бірақ азамат соғысы кезінде білімі мен мамандығы жоқ жаңа буын өсті. Сол себептен көбісі аспазшы немесе жүк көлігінің жүргізушісі секілді жаңа мамандықтар игеру мүмкіндігінен риза болады деп санаймын. Ең бастысы халықты жұмыспен қамту.

Сирия өкіметі  қол ұшын созған көрші елге алғысын білдіріп отыр. Білім беру сыныптарына бір миллиондай жас адам жазылған. Ал бір жарым миллионан астам тұрғын жаңа мамандықтарды игеруге ниет білдірді.

Авторлары: Юлия Гнатюк, Махмуд Махмуди

Хабар 24 телеарнасы