386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Трамп: АҚШ Иранға тиесілі дронды атып түсірді

  • 160
  • UPD: 14:12, 19.07.2019

АҚШ-тың әскери теңізшілері Ормуз бұғазында Иранға тиесілі дронды атып түсірді.

Бұл туралы Ақ Үй басшысы Дональд Трамп мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, дрон американың әскери кемесіне 900 метр қашықтықта болған. Тым жақындағанын көріп, қауіпсіздікке қатысты тиісті шара қолдануға тура келді дейді, Дональд Трамп.

Дональд Трамп, АҚШ Президенті:

- Дрон сол арада жойылды.  Жалпы, Иран халықаралық маңызы бар бұғазда небір қитұрқы әрекеттерге барады. Бұл да соның бір көрінісі. Құрама штаттар өзіне тиесілі мүлікті қорғауға құқығы бар. Сол себепті тиісті шара қолдандық. Иран Парсы шығанағындағы кемелердің еркін қозғалысы мен жаһандық сауда қатынасына кедергі келтіреді. Сондықтан, өзге де елдерді өз кемелерін барынша қорғауға және бізбен бірлесе жұмыс істеуге шақырамын.

Алайда Иранның Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф дрон жайлы ақпаратты жоққа шығарып отыр.  Естеріңізге сала кетсек, өткен айда ирандықтар АҚШ-қа тиесілі дронды атып түсірген болатын. Содан бері аймақтағы текетірес өрши түскен.

Хабар 24 телеарнасы