386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иран АҚШ санкциясынан құтылудың жолын ұсынды

  • 185
  • UPD: 13:42, 19.07.2019
Иран АҚШ санкциясынан құтылудың жолын ұсынды

Иран АҚШ-тың осы елге салған санкциясын алу үшін ядролық нысандарды кеңінен тексеру туралы хаттамаға қол қоюды ұсынды.

Бұл туралы осы елдің Сыртқы істер министрі Джавад Зариф БҰҰ шарасы кезінде мәлімдеді. Еске сала кетейік, өткен жылы мамыр айында АҚШ 2015 жылы Иранмен қол қойылған ядролық келісімнен бас тартып, бұл елге қарсы санкцияларды қалпына келтірген. Көп ұзамай Вашингтон оларды алу үшін 12 талаптан тұратын ұсыныс жасады. Алайда ядролық келісімді бекіткен өзге мемлкеттер Ақ үйдің бұл ұстанымын қолдаудан бас тартқан еді.

Хабар 24 телеарнасы