Боинг компаниясы 5 миллиард доллар шығынға батты. Табыстың қысқаруына 737 МАХ үлгісіндегі лайнердің қолданыстан шығуы себеп.
Оған қоса, көптеген елдер Боинг ұшағын сатып алуға асығар емес. Сондай-ақ СаузВест пен Юнайтед Эйрлайнс компаниялары әуе кемесін қарашаның 3-не дейін ұшырмайтын болып шешті. Естеріңізге сала кетсек, биыл наурыздың 10 күні Эфиопиада Боинг 737 МАХ жолаушылар лайнері апатқа ұшырап, 157 адам қаза тапқан еді. Сондай-ақ, дәл осы үлгідегі ұшақ былтыр қазан айында Индонезияда құлаған болатын. Ол кезде борттағы 189 адамның барлығы опат болған. Осы оқиғалардан кейін бірқатар елдер Боингтің 737 МАХ ұшағын қолданудан бас тартты.