386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чехиядағы жылқы зауыты ЮНЕСКО бүкіләлемдік мұрасы тізіміне енді

  • 202
  • UPD: 14:13, 19.07.2019

Кладруба ұлттық жылқы зауыты ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұрасы тізіміне енді.

Тұяқтылардың ең ежелгі тұқымдарының бірін өсіретін ферма Прага қаласынан 80 шақырым қашықтықта орналасқан. Онда тұлпардың 250-ге жуық түрі бар. Асыл тұқымды арғымақтарды көру үшін жыл сайын әлемнің әр түкпірінен  ондаған мың адам осы зауытқа келеді. Айта кетсек, мұнда жылқы өсіріп баптау ісі  16-ғасырда қолға алынған.

Хабар 24 телеарнасы