386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австрияда ұшақ жартасқа соғылып, жанып кетті

  • 197
  • UPD: 16:33, 19.07.2019
Австрияда ұшақ жартасқа соғылып, жанып кетті apa.at

Бейсенбі күні Австрияның Веттерштайн тау жотасы аймағында шағын ұшақ апат ұшырап, салдарынан үш адам мерт болды.

Бұл туралы жұма күні Австрия баспа агенттігіне сілтеме жасап, Қазақпарат хабарлайды.

Қайғылы оқиға Тироль федералды жерінде 2,3 мың метр биіктікте болған. Ұшақ жартасқа соғылып, құлаған және жанып кеткен. Қазіргі уақытта полиция қаза табушылардың жеке басын, ұшақ үлгісін және қайда бет алғанын анықтап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы