386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлыбританияда соқтығысқан көліктер көрермендерді қағып кетті

  • 137
Ұлыбританияда соқтығысқан көліктер көрермендерді қағып кетті Day.Az

Ұлыбританияда автоклуб мүшелерінің қатысуымен жол-көлік апаты болды.

Салдарынан 17 адам түрлі жарақат алды. Кейбірінің жағдайы өте ауыр. Осыған байланысты қазір Британия полициясы тергеу жұмыстарын бастады.

Айта кетсек, оқиға Стивенидж қаласындағы автоклуб мүшелерінің апталық кездесуінде болған. Куәгерлердің айтуынша, онда екі көлік бір-бірімен соқтығысып, кейін жол жиегінде тұрған көрермендерді қағып кеткен.

Жалпы, аталған шара қайырымдылық мақсатта ұйымдырылған көрінеді. Бірақ биліктің рұқсаты болмапты. Сондықтан автоклубтың алдағы кездесулеріне тыйым салынды.

Хабар 24 телеарнасы