386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Канадада мафияның 9 мүшесі ұсталды

  • 176
Канадада мафияның 9 мүшесі ұсталды Наш Ванкувер

Канадада Италиямен байланысы бар 9 мафия мүшесі ұсталды.

Бұл туралы жергілікті полиция өкілдері хабарлады. Қазір тұтқындалғандарға ақшаның ізін жасырды және заңсыз құмар ойын бизнесімен айналысты деген айып тағылып отыр. Канадалық полиция қылмыскерлерді ұстау үшін 3 тәулік бойы арнайы операция жүргізген. Оның барысында қылмыстық топпен байланысты 50-ге жуық мекемеде тінту жұмыстары жүргізіліпті. Нәтижесінде 9 адам ұсталды. Қамауға алынғандар арасында клан басшысы саналатын Анджело Фиглиомени есімді азамат та бар. Италия билігі оны 10 жылдан астам уақыт бойы іздестіріп келеді екен. Бұған қоса тінту кезінде 5 Ferrari, құмар ойын фишкалары, үстелдер мен бір бума ақша тәркіленген. Мүліктің жалпы құны 27 миллион долларға бағаланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы