386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грекияда 5,1 балдық жер сілкінісі болды

  • 155
Грекияда 5,1 балдық жер сілкінісі болды

Грекияда 5,1 балдық жер сілкінісі болып, 2 адам жеңіл жарақат алды.

Зілзала ошағы Афина қаласынан солтүстік-батысқа қарай 22 шақырымдай жерде, 2 шақырымдай тереңдікте тіркелді. Дүмпуден шаһарда бір ғимарат бүлінген. Табиғи апаттан жарық сөніп, ұялы телефон байланысы уақытша өшіп қалды. Алғашқы зілзаладан соң 8-ге жуық дүмпу қайталанды. Бірақ зілзаладан елдің туристік орындарына еш зиян келмеген.

Айта кетейік, Грекия Еуропадағы ең белсенді сейсмикалық аймақтың бірі болып саналады.

Никос Лагкадианос, жағалау күзеті қызметінің баспасөз хатшысы:

– Қазір біздің мамандар зілзала кезінде жапа шеккен адамдар бар-жоғын анықтап, елді мекендерді тексеріп жатыр. Әзірге қайтыс болғандар туралы ақпар жоқ. Іздестіру-құтқару шаралары жалғасады.   

Хабар 24 телеарнасы