386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Перуде Убинас жанартауы күл шаша бастады

  • 191
  • UPD: 15:16, 20.07.2019
Перуде Убинас жанартауы күл шаша бастады

Перудің оңтүстік-батысында Убинас жанартауының белсенділігі күшейіп, қауіптіліктің жоғары деңгейі жарияланды.

Мокегуа аймағынан жүздеген тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген. Ақпарға қарағанда, жанартау күл мен түтін шашып, лава атқылай бастаған. Осыған байланысты аталған аймақта апаттың алдын алу шаралары жүргізіліп, билік тұрғындарды барынша абай болуға шақыруда.

Айта кетейік, Перу Тынық мұхитындағы отты сақина деп аталатын сейсмикалық белсенді ауданда орналасқан. Ал Убинас жанартауы соңғы рет 2014 жылы атқылаған болатын.

Хабар 24 телеарнасы