386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иран әскерилері ағылшын мұнай танкерін ұстады

  • 308
  • UPD: 15:15, 20.07.2019
Иран әскерилері ағылшын мұнай танкерін ұстады

Иран әскерилері Ормуз бұғазында британдық мұнай танкерін ұстады.

Тегеранның мәлімдеуінше, кеме теңіздегі халықаралық тәртіпті бұзған. Танкерді иеленуші компания қазір әскерилер оны Иран жағалауына апара жатқанын айтады. Экипаж туралы ешқандай ақпар жоқ. Оқиғаға қатысты Ұлыбритания сыртқы істер министрі Джереми Хант Тегеран танкерді дереу босатпаса, салдары болатынын ескертті.

Айта кетейік, Иран мен Ұлыбритания арасында шиеленіс 2 апта бұрын британдық теңіз-жаяу күштері Гибралтарда кетіп бара жатқан ирандық кемені ұстаған соң басталған. Ақпарға қарағанда, ол 2 миллион баррель мұнайды Сирияға заңсыз алып кірмек болған. Осыдан кейін Иран әскерилері Парсы шығанағында ағылшынның бір мұнай танкерін ұстауға талпынған еді.

Хабар 24 телеарнасы