386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуроодақ Ормуз бұғазында ұсталған британдық танкер туралы мәлімдеме таратты

  • 207
  • UPD: 22:36, 20.07.2019
Еуроодақ Ормуз бұғазында ұсталған британдық танкер туралы мәлімдеме таратты

Еуропалық Одақ Иранды Парсы шығанағында ұсталған британ танкерін дереу босатуға шақырды.

Бұл мәлімдемені Еуропалық Одақтың сыртқы саяси қызметінің ресми өкілі жасаған.

«Иран тарапының екі кемені Ормуз бұғазында құрықтауы айтарлықтай алаңдаушылық туғызады» делінген мәлімдемеде.

ЕО-ның сыртқы саяси қызметі оқиғаның бұлай өрбуі онсыз шиеленсікен жағдайды ушықтырып, қазіргі шиеленісті реттеуге бағытталған жұмысқа кедергісін келтіруі мүмкін екенін ескертті.

«Біз шиеленіс ушықпауы үшін кемені және ондағы команданы тез арада босатып, ұстамды болуға шақырамыз. Кеме қатынасында еркіндік сақталуы тиіс», - делінген құжатта.

Еске сала кетсек, Ормуз бұғазында Иран Ислам Республикасы сақшыларының корпусы халықаралық теңіз ережелерін бұзғаны үшін британдық танкердің ұсталғанын хабарлаған болатын.

Хабар 24 телеарнасы