386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда табиғат апатынан қаза тапқандардың саны артты

  • 163
Үндістанда табиғат апатынан қаза тапқандардың саны артты РБК-Украина

Үндістанның шығыс және солтүстік-шығысындағы нөсер жауын мен су тасқынынан қаза тапқандардың саны артып, 136-ға жетті.

Табиғи апаттан ең көп зардап шеккен Бихар мен Ассам штаты. Екі аймақта да 5 жарым миллионға жуық адам жапа шеккен. Өзендер арнасынан асып, көптеген мекенді су басқан. Мыңдаған үй мен ғимарат бүлініп, егін алқаптары су астында қалған. Қазір апат аймақтарынан тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру мен іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда. Ал синоптиктер Бихар штатында алдағы күндері тағы жаңбыр жауатынын айтып ескертуде. Айта кетейік, Үндістанда әдетте жаңбырлы маусым қыркүйек айына дейін жалғасады. Өткен жылы осындай маусым кезінде 1 мың 200-ден астам адам көз жұмған еді.

Хабар 24 телеарнасы