386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Италияда Этна жанартауы қайта атқылай бастады

  • 197
Италияда Этна жанартауы қайта атқылай бастады Postimees

Италияда Этна жанартауы қайта оянып, Сицилия аралындағы Катания мен Комизо әуежайлары уақытша жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды.

Мамандардың мәлімдеуінше, бұл жолы Этнаның оңтүстік-шығыс баурайындағы жаңа кратерлер күл мен түтін шашып, лава атқылай бастаған. Бірақ олар жанартаудың белсенділігі аса қауіпті емес деп отыр. Айта кетейік, Этна Еуропадағы ең биік белсенді жанартау болып саналады. 2017 жылы оның атқылауынан 10 адам жараланған еді. Жалпы бұл жанартау 2013 жылы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралары тізіміне енгізілген болатын. 

Хабар 24 телеарнасы