386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Косово премьер-министрі өз еркімен қызметінен кетті

  • 215
Косово премьер-министрі өз еркімен қызметінен кетті ANNA-News

Косово премьер-министрі Рамуш Харадинай өз еркімен отставкаға кетті.

Оған Гаагадағы арнайы трибуналдың күдікті ретінде сотқа шақыруы себеп болды. Осыған байланысты ол әскери сотқа премьер-министр емес қарапайым азамат ретінде баруды шешкен. Ал ақпарат құралдарының хабарлауынша, трибунал Харадинайға 1998-1999 жылдары Косованың батыс бөлігіне әскери жолмен бақылау орнатуға талпынды деген айып тағуы мүмкін. Жалпы Гагадағы сот Рамуш Харадинайды осымен үшінші рет жауапқа тартқалы отыр. Бұған дейін арнайы трибунал оны 2005 және 2012 жылдары әскери қылмыстарға қатысы бар деп айыптамақ болған. Алайда ол екі істе де ақталып шықты.

Хабар 24 телеарнасы