386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда су тасқынынан 1 адам қаза тапты

  • 163
Түркияда су тасқынынан 1 адам қаза тапты

Түркияның солтүстік-батысында жаңбыр нөсерлетіп, су тасқыны жүріп, 1 адам қаза тапты.

Тағы 6 тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті. Шелектеп құйған жауыннан Ыстамбұл қалысынан шығысқа қарай орналасқан екі ауылды су басып, жүздеген тұрғын оқшауланып қалған. Құтқарушылар 69 тұрғынды қауіпсіз жерге тікұшақпен алып шыққанын мәлімдеп отыр. Қазір апат аймағында іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Ал ауа райын болжаушылар жауын тағы жалғасуы мүмкін екенін ескертіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы