386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Союз МС-13» кемесі халықаралық ғарыш айлағымен сәтті түйісті

  • 203
«Союз МС-13» кемесі халықаралық ғарыш айлағымен сәтті түйісті

Байқоңырдан кеше ұшып шыққан «Союз МС-13» ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш айлағына сәтті қонды.

Бортында ресейлік Александр Скворцов, италиялық Лука Пармитано және америкалық Эндрю Морган бар ғарыш кемесі халықаралық айлаққа жоспарланған уақыттан 4 минутқа ерте барып қонды. Ал шамамен 2 сағаттан кейін ғарышкерлер оның ішіне кірді. Жаңа экипаж онда бірқатар тәжірибе жүргізіп, қараша айында ашық кеңістікке шығуы тиіс. Айта кетейік, ғарыш кемесінің капитаны ресейлік Александр Скворцов халықаралық ғарыш айлағына осымен үшінші рет сапар шегіп отыр. Скворцов пен Пармитано Жерге 2020 жылдың ақпан айында, ал америкалық ғарышкер сәуірде оралуы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы