386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлыбритания Египет астанасына бағытталған әуе рейстерін кейінге шегерді

  • 210
  • UPD: 15:23, 21.07.2019
Ұлыбритания Египет астанасына бағытталған әуе рейстерін кейінге шегерді RT

Ұлыбританияның «British Airways» компаниясы мен германиялық «Люфтганза бірлестігі» Египет астанасына ұшуды 1 аптаға тоқтатты.

Шара қауіпсіздікке қатысты қабылданған. Бірақ нақты қандай мәселемен байланысты екені белгісіз. Осы себепті сенбі күні Хитроу әуежайынан Каирге шығатын рейстер болмай қалды. «British Airways»  жариялаған мәлімдемесінде шешім жағдайды қосымша тексеру мақсатында қолға алынғанын айтқан. Алайда Каир әуежайы британ тарапы рейстерді уақытша тоқтатыны жайлы әлі ескертпегенін жеткізді. Бірақ өткен аптаның ортасында ағылшын мамандары Каирге барып әуежайдың қауіпсіздігін тексергені анықталып отыр. Ал жұма күні Ұлыбританияның Сыртқы істер министрлігі азаматтарына берілетін кеңестерді жаңартып, Египетте лаңкестік қауіпі бар екенін көрсеткен.

Хабар 24 телеарнасы