386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украинада кезектен тыс парламент сайлауы өтуде

  • 191
Украинада кезектен тыс парламент сайлауы өтуде

Украинада бүгін – кезектен тыс парламенттік сайлау.

Жергілікті халық Жоғарғы раданың жаңа құрамын анықтайды. Сайлау аралас жүйе бойынша жүреді. 450 депутаттың жартысы партиялық тізім бойынша сайланса, қалған бөлігі бір мандатты округ бойынша таңдалады. Сарапшылар додада басты 4 саяси күштің жеңіске жететінін айтып отыр. Оның ішінде елдің қазіргі президенті Владимир Зеленскийдің «Халық қызметшісі» мен Виктор Медведчуктың «Өмір үшін» партиясы, Юлия Тимощенконың «Батькивщина» одағы және Петр Порошенконың «Еуропалық ынтымақтастық» партиясы бар. Сайлауды 1 жарым мыңнан астам халықаралық ұйымдардың өкілдері мен 12 мемлекеттің жүзден астам бақылаушысы қадағалайды.

Хабар 24 телеарнасы