386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украинадағы парламенттік сайлауға қатысты болжам: Жоғарғы Радаға алты партия өтеді

  • 163
  • UPD: 17:37, 21.07.2019
Украинадағы парламенттік сайлауға қатысты болжам: Жоғарғы Радаға алты партия өтеді

Бүгін Украинада Парламент депутаттарын сайлау науқаны өтіп жатыр.

Мемлекеттің Орталық сайлау комиссиясы депутаттыққа алты мыңға жуық үміткерді ресми тіркеген. Елдегі сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша таңғы сегізден кешкі сегізге дейін жұмыс жасайтын болады. Сайлау аралас жүйе бойынша жүзеге асады: 225 депутатқа халық жабық тізім бойынша дауыс береді, қалған 199 халық қалаулысын мажоритарлық жүйе бойынша сайлайды. Сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясы 22 саяси партияның бәйгеге түсетінін мәлімдеген. Елдегі түрлі әлеуметтік сауалнама Жоғарғы Радаға шамамен алты саяси күштің өтетінін болжайды.

Атап өту керек, Парламентке кем дегенде халықтың бес пайыз дауысын жинай алған партия өте алады. Украина Жоғары Радасы 450 депутаттан тұрады.

Хабар 24 телеарнасы