386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Убинас жанартауынан шыққан күл мен түтін Боливияға жетті

  • 105
Убинас жанартауынан шыққан күл мен түтін Боливияға жетті

Перудегі Убинас жанартауының атқылауынан көрші Боливия елінің тұрғындары да зардап шегуде.

Жанартаудан шыққан күл мен түтін 200 шақырымдай қашықтықта орналасқан Сантяьго де Мачака ауданына жетіп, адамдардың тыныс алуы қиындаған. Ал Убинас жанартауының атқылауы өткен жұма күні басталған. Ол 5 шақырым биіктікке дейін күл мен түтін шашып, жергілікті билік одан төнген қауіп деңгейін қызғылт сары түске дейін көтерген. Бірақ содан кейін жел тұрып, күл мен түтін көрші Боливия мен Чилиге қарай ойысқан.  

Лисандро Кастро, жергілікті тұрғын:

– Бастапқыда қар жауатындай күн бұлттанды. Көп ұзамай айналаның бәрін күл басып кетті. Күкірттің иісі шығып, көзіміз жасаурап, ауыра бастады.

Хабар 24 телеарнасы