386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арменияда медициналық туризм кеңінен тарала бастады

  • 127
  • UPD: 23:52, 21.07.2019

Демалысты әсем әрі денсаулыққа пайдалы түрде өткізу.

Арменияда медициналық туризм кеңінен тарала бастаған, деп хабарлайды «Хабар 24». Адамдардар арасында ең көп сұранысқа ие пластикалық операциялар мен тісті протездеу.

Қазір Арменияда демалыс мезгілінің нағыз қызған шағы. Лариса Мкоянның кеңсесінде де жұмыс көп. Себебі медициналық туризмнің танымалдығы артқан. Елге келетін шетелдіктердің 10 проценті жергілікті дәрігерлердің қызметіне жүгінеді.

Лариса Мкоян, туристік компанияның директоры:

– Осыдан 2-3 жыл бұрын біз бұл туризмнің түрін тіпті жеке бағыт деп те қарамаған едік. Енді осы бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Бір ғана мысал, Франциядан келген саяхатшылар тістеріне имплантты өз еліндегіге қарағанда әлдеқайда арзанға қойдырып қайтты.

Мұндай экскурсия емделуге келген кез келген адамға көрсетіледі. Алдымен олар емхананың бас дәрігерімен жеке жүздесіп, әңгімелеседі.

Карен Григорян, инновациялық медицина орталығының директоры:

– Бізге емделушілер әлемнің түпір-түкпірінен келеді. Олардың арасында АҚШ, Еуропа, Австралия, Латын Америкасының азаматтары бар. ТМД елдерінен сапарлаған адамдардың қатары көбейген. Әсіресе экономикалық тұрғыдан қиын операцияларды жасау үшін келетін шетелдіктер көп.

Мұндағы емхана қызметтің кей бөлігін тегін көрсетеді. Жергілікті дәрігерлер шынымен де емделушіге денсаулық пен әсемдік сыйлайды десе болады. Карен Григорян осы мақсатта арнайы тележоба дайындаған. Оған қатысушылар өзінің тісін көк тиын да төлемей емдете алады. Жобаның тағы бір маңызды тұсы, емделушілерді таңдауда сырқаты ауыр, кірісі төмен жандарға басымдық беріледі. 

Марианна Асланян, емделуші:

– Мен кішкентайымнан тіс дәрігеріне баруға қорқатынмын. Бірақ тістерім ауырған соң оларға қаралудан басқа амал қалмады. Осындағы дәрігерлердің арқасында әсем күлкіге ие болдым.

Карен Григорян – Арменияда медициналық туризмді алғашқы насихаттаушылардың бірі. Ол мемлекеттің қолдауына ие болмағанымен, жекеменшік инвестиция және біліктілікті жетілдіру арқасында көп жетістікке қол жеткізген.

Авторлары: Лаура Жусупбекова, Тигран Галстян

Хабар 24 телеарнасы