386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пәкістанда лаңкестік шабуылдан 8 адам қаза тапты

  • 165
  • UPD: 07:57, 22.07.2019
Пәкістанда лаңкестік шабуылдан 8 адам қаза тапты

Пәкістанның Дера-Исмаил-Хан қаласында лаңкестік әрекет жасалып, 8 адам қаза тапты.

Тағы 30 тұрғын жарақат алды. Ақпарға қарағанда алдымен содырлар шаһардың батыс бөлігіндегі бақылау-тексеру бекетіне шабуыл жасап, 2 полицейді өлтірген. Осыдан кейін бір жанкешті әйел ауруханаға кіреберіс жерде бойына жасырынған бомбаны іске қосып, 6 адам көз жұмды. Шабуылды жергілікті «Техрик-и-Талибан Пакистан» лаңкестік ұйымы мойнына алды.

Хабар 24 телеарнасы