386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореяда жол апатынан 4 адам қаза тауып, 9-ы жарақат алды

  • 156
  • UPD: 09:11, 22.07.2019
Оңтүстік Кореяда жол апатынан 4 адам қаза тауып, 9-ы жарақат алды

Дүйсенбі күні таңертең Корея Республикасының солтүстік-шығысындағы Канвондо провинциясында 16 жолаушысы бар фургон аударылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

Апат салдарынан төрт адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы тоғыз жолаушы жарақат алып ауруханаға жеткізілген, оның үшеуі хал үстінде жатыр. Жол апаты 7:33-те Самчхок қаласында болған.

Полицияның мәлімдеуінше, 16 жолаушының ішіндегі жетеуі шетелдіктер болған, қазір соның үшеуінің қайда екені белгісіз.

Полицейлердің сөзіне қарағанда, жолаушылар егіс танаптарында жұмыс істеуге бара жатқан.

Қазір апат салдары тексеріліп, жол ережесі бұзылған-бұзылмағаны анықталып жатыр.

 

Хабар 24 телеарнасы