386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Португалияда орман өртінен 20 адам жараланды

  • 154
  • UPD: 09:49, 22.07.2019
Португалияда орман өртінен 20 адам жараланды

Португалияның орталық бөлігінде орман өртеніп, 20 тұрғын жарақат алды.

Олардың арасында 7 өрт сөндіруші бар. Табиғат апатына жақын мекендерден адамдар эвакуацияланып жатыр. Жергілкті билік «орманға от қасақана қойылған» деп, қылмыстық іс қозғалды. Қазір Каштелу-Бранку қаласының маңындағы лаулаған жалынмен 800-ден астам маман күресіп жатыр. Бірнеше ұшақ пен тікұшақ жұмылдырылған. Өрт сөндірушілер отқа оранған алқаптың біраз бөлігін бақылауына алғандарын айтады. Алайда мамандарға жел көп кедергі келтіруде. Ал ауа райын болжаушылар күннің ыстықтығынан елдің орталық және оңтүстік аймақтарындағы ормандарда да өрт шығу қауіпі күшейгенін айтады.

Хабар 24 телеарнасы