384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Британия Иранға қарсы санкция салмақ

  • 247
  • UPD: 11:00, 22.07.2019
Британия Иранға қарсы санкция салмақ

Ұлыбритания Ормуз бұғазында «Stena Impero» танкерін тұтқынға алғаны үшін Иранға қарсы санкция салуды жоспарлап отыр.

The Telegraph басылымы осылай деп хабарлады. Бұл шектеу дипломатиялық және экономикалық сипатта болуы мүмкін. Одан бөлек Біріккен Корольдік Еуроодақ пен БҰҰ-ның Иранға қарсы санкциясын қайта жандандыруды талап ететін болады. Айта кетейік, 19 шілде күні Иран революциялық қорғау корпусының патрульі Ормуз бұғазында британдық мұнай танкерін тұтқынға алғанын хабарлады. Тегеран бұл қадамын Гибралтардағы ирандық танкердің тұтқындалуына жауап ретінде жасағанын айтып отыр.

Хабар 24 телеарнасы