386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда найзағай түсіп 32 адам мерт болды

  • 229
  • UPD: 12:16, 22.07.2019
Үндістанда найзағай түсіп 32 адам мерт болды

Үндістан. Уттар-Прадеш штатында 32 адамға жай түсіп, мерт қылған. 

NDTV хабарлауынша, тағы 13 адам зардап шеккен. Қазір Үндістан аумақтарына муссон нөсері жауатын маусым. Мұхиттан құрлыққа қарай соғатын муссон желдері салдарынан үздіксіз қуатты найзағай жарқылдайды. Өткен тәулікте жай түсіп, қаза тапқандар саны күрт артты. Әсіресе Ганг өзенінің жағасында орналасқан Канпур және Фатехпур қалаларында адам шығыны көп. Бұлардың әрбірінде найзағайдан бес адамнан қаза тапты. Штат билігі құрбан болғандардың туыстарына және жапа шеккендерге көмек көрсетілетіндігін мәлімдеді.

Хабар 24 телеарнасы