385,96 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АЭХА бас директоры Юкия Амано көз жұмды

  • 182
  • UPD: 13:50, 22.07.2019
АЭХА бас директоры Юкия Амано көз жұмды ERR

Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік бас директоры Юкия Амано 74 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады.

«Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік хатшылығы Бас директор Юкия Аманоның қайтыс болғаны туралы хабарлайды», - делінген хабарламада.

Амано 2009 жылдан АЭХА басшылығына келген, оған дейін Жапонияның Агенттіктегі елшісі және тұрақты өкілі болды. Дипломат сондай-ақ Біріккен ұлттар ұйымында (БҰҰ) қызмет етті, 1972 жылдан бастап Жапонияның Сыртқы істер министрлігінде әртүрлі қызмет атқарды.

Қарусыздану және ядролық қаруды таратпау тақырыбына маманданған.

Хабар 24 телеарнасы