386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда алапат тасқыннан 160-тан астам адам қаза тапты

  • 140
  • UPD: 15:00, 22.07.2019
Үндістанда алапат тасқыннан 160-тан астам адам қаза тапты NDTV

Үндістанға муссон нөсері алапат зардабын тигізіп отыр.

Ассам және Бихар штаттарында толассыз жауған жауыннан кейін болған су тасқыны 166 адамның өмірін қиып кетті.

Бұл туралы NDTVтелеарнасына сілтеме жасап, Қазақпарат хабарлайды.

Зардап шеккендер саны 10 миллионнан асып кетті.

Дүйсенбі таңындағы дерек бойынша, Бихарда 102 адам, Ассам штатында 64 адам мерт болған. Бірнеше адам хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде.

Айта кетсек, су тасқыны шілденің басында басталған еді.

Қазіргі уақытта Бихарда 7,2 млн адам, Ассамда 3,8 млн адам су тасыған аумақта оқшауланып қалған.

 

Хабар 24 телеарнасы